ҚДБ Құлыбаев пен Сатыбалдының құдасын қаржыландырудан бас тартты

3292
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Даму банкі қазақстандық миллионерлер мен Назарбаевтың туыстарына ақша бергісі келмейді. Банктің қарауындағы жобалар тізімі қысқартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "orda.kz"-ке сілтеме жасап.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, долларлық миллиардер Тимур Құлыбаевқа қатысты екі жоба Қазақстанның Даму банкінен қаржыландыруға өтінім берген жобалар тізімінен шығарылды. "Almex Petrochemical" ЖШС терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіретін зауыт, ал "QAZSUGAR Co" ЖШС Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдейтін зауыт салмақ болған.

Қайрат Сатыбалдыға құда болып келетін Сейітжановтар отбасының "Talas Investment Company" ЖШС-ы да тізімнен алынды. Отбасы Forbes Kazakhstan тізіміне 331 миллион доллар байлығымен енді. Talas Investment Company натрий цианиді зауытының екінші кезегін салуды жоспарлап отыр. Бұл өндірістің бірінші кезеңі ҚДБ несиесінің арқасында салынды.

Сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкінің несиеге үміткерлер тізімінен "ShalkiyaZinc LTD" АҚ және  "Caspian Plaza" ЖШС (құрылтайшысы "BAZIS-A Corp") да алынды.

Айта кету керек, 11 қаңтарда сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев ҚДБ-ны элитаға арналған банк деп атаған болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер