222 млн теңге "жымқырған" құрылыс бөлімінің басшысы қамауға алынды

2813
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қосшы қаласында сыртқы электрмен жабдықтау объектілерін салу кезінде 222 миллион теңгеден астам бюджет қаржысы жымқырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш қылмыс прокурорлық тексеріс барысында анықталған.

"Тапсырыс беруші ретінде Қосшы қаласының құрылыс бөлімі трансформаторлық қосалқы станцияларды орнатпаған. Алайда 222,2 миллион теңге мөлшерінде негізсіз төлем жүргізіп, осы жұмыстарды орындау туралы актілерге қол қойған (2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыстар орындалған жоқ). Арнайы прокурорлар басқармасы осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-бөлімшесі (аса ірі көлемде жымқыру) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - дейді прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу органы соттың санкциясымен құрылыс бөлімінің басшысын қамауға алды.

"Осы ретте, прокуратура бюджет қаражатын жымқырғандарға ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-бөлімшесі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын хабарлайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер