Шымкентте “Shymkent jastar ligasy” жарысы басталды

2791
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте екінші жыл қатарынан оқушылар арасында спорттың төрт түрі бойынша  “Shymkent jastar ligasy” жарысы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Биылғы Лига Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында өтіп жатыр. Лига ойындарына 151 мектептен 5926 оқушы қатысты.


“Оқу жылының басында басталған Shymkent jastar ligasy өз мәресіне жақындап келеді. Бүгін Орталық саябақта шахматтан ақтық ойындар басталды. Ертең баскетбол, сосын волейбол, 1 маусым - Балалар күнінде Орталық стадионда осы Лигаға бастамашы болған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен футболдан чемпиондар анықталып, марапаттау рәсімі өтпек.

Жалпы, биыл Лига аясында өтіп жатқан шахмат сайысы аса тартысты өтіп жатыр. Оған себеп те жоқ емес. Екі жылдан бері Шымкент қаласындағы мектептердің бастауыш сыныптарында аптасына бір рет міндетті шахмат сабағы өтіп жатыр. Мұғалімдер шахмат ойыны оқушылардың үлгеріміне де жақсы әсер етіп жатқанын айтып жатыр”,- деді Шыңғыс Мұқан.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер