Әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды деген ақпарат тараған болатын. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі әзірге бұл ақпаратты растамады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Әзірге мұндай ақпарат жоқ. Егер ресми жаңалық болса, парақшаларымыз арқылы хабарлаймыз», - деді агенттіктің баспасөз қызметі.
Желіде бейсенбі күні Мұхамедиұлы ауруханадан шығып, үйіне жеткен кезде антикор қызметкерлері бірден тергеуге алып кеткені жазылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мамандандырылған тергеу сотына материал түспегенін айтты.
Айта кетейік, Арыстан Мұхамедиұлы Ұлттық музейдің "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.
"Адырна" ұлттық порталы