Қайрат Құдайбергеннің атасы Тоқаевтан араша сұрады

3168
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасына байланысты күдікті ретінде ұсталып, "Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу" бабы бойынша айыпталған Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің атасы, Алматы қаласы Алатау аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Қабдоллин Құдайберген президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, немересіне қатысты істе әділдік орнауына көмектесуді өтінді. Бұл туралы @ne_habar_news инстаграм парақшасы жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 

«Алматы қаласының басшылары, басқа депутаттар алаңда көрінбеді. Ал енді, сол Қайратты қаңтар оқиғасының ұйымдастырушысы ретінде қамауда ұстап отыр. Бұл құқық қорғау органдарының жіберіп отырған үлкен кемшілігі. Сіздің Жаңа Қазақстан құрамыз деп отырған мақсатыңызға қайшы. Сот жүйесі тек онлайн түрде өтіп жатыр, 1937 жылғы қуғын-сүргін заманды еске түсіреді. Сондықтан сізден өтінім сұрайтыным – әділ шешім шығаруға көмектесіңіз» делінген өтініш мәтінінде.

Желіде жарияланған үндеу астында пікір білдірушілердің дені Қайрат Құдайбергеновтың жазықсыз қамалғанын алға тартып, оны босатуды талап етуде.

Еске сала кетейік, жуырда Алматы қалалық соты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер