Бағдат Мусин: "2ГИС, Яндекс қосымшаларына қазақ тілін енгізуді талап етіп жатырмыз"

2867
Adyrna.kz Telegram
Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz

Бұдан былай елімізде қолданылатын мобильді қосымшалардан қазақ тілінде қызмет көрсету талап етілмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ulysmedia.kz"-ке сілтеме жасап. 

"Бұған бұрын мән бермеуші едік. Тек қана мемлекеттік органдардың сайттарына, порталдарына назар аударып келдік. Оларды мәжбүрлеп, қазақ тіліне аударттық. Бірақ олардың да сапасы төмен екенін білеміз. Қазір жақсартып жатырмыз. Оларға талап қойылды, жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді министр Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде.

Мусиннің айтуынша, Facebook сынды жекеменшік сервистерден қазақ тілінде жұмыс істеуін талап ете алмайды.  Егер қазақ тілінің жоқтығына байланысты сервисті елде жауып тастаса, тұрғындар наразы болуы мүмкін.

"Бұл – нарық. Сондықтан осы сатыда қазір Америкаға бармай-ақ қояйық, жанымыздағы сервистер – 2ГИС, Яндекс болсын, соларға шығып, осындай талаптарды қойып жатырмыз. "Біздің экономикада жұмыс істегіңіз келсе, онда қазақ тілін енгізесіз" деген талап қоямыз. Сондай ұсыныстарды талқылаудамыз", – деді министр.

 

 "Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер