Утилизациялық алымды артық төлегендердің қаражаты 25 мамырдан бастап қайтарылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы t.me/ulys1 телеграмм каналы жазды.
"Жасыл даму" АҚ баспасөз қызметі техникалық жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды. Жеке кабинетке кіру 25 мамырдан бастап ашық болады.
"14 мамырдан кейін (қоса алғанда) ескі мөлшерлемелер бойынша өтінім берген жеке және заңды тұлғалар кәдеге жарату алымына артық төленген соманы қайтарып ала алады. Ол үшін E-otinish электрондық платформасы арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоя отырып, өтініш беру қажет. Өтініште төлем тапсырмасын қоса бере отырып, қайтаруды жүзеге асыру үшін өтінімнің нөмірін, шоттың деректемелерін көрсету қажет"- делінген хабарламада.
Бұған дейін Үкімет шетелден кіргізілетін көлік құралдары үшін утилизациялық алым мөлшерін 50 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдаған болатын. Атап айтқанда, жеңіл және жүк көліктер мен ауылшаруашылық техникасы үшін кәдеге утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі 50 айлық есептік көрсеткіштен 25 АЕК-ке дейін қысқартылды.
"Адырна" ұлттық порталы