Күдікке ілінген Жапаров Есімовтің "жақыны" екені рас па?

1880
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өткен аптада "Антикор" Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Мақсұт Жапаровқа қатысты іс қозғады деген ақпарат шықты. Ол осымен екінші рет бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы @abzhannews телеграмм каналы жазды.

Ол алғаш рет шаруа қожалықтарына субсидияларды негізсіз есептеді деген күдікке ілінді. Бұл өткен жылдың тамыз айында болған. Кейін ақталып, креслосына қайта оралды. "Жапаровты "Самұрық-Қазына" қорының экс-төрағасы Ахметжан Есімовтің "туысы" деген қауесет бар. Ол оған істі "шешуге" көмектескен-мыс".

Енді, міне, облыстың бас ауыл шаруашылығы қызметкері қызметін аяқтағанына бірнеше ай өткен соң, оның үстінен тағы да іс қозғалды. Бұл жолы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жапаров жоғары бағамен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу арқылы 50 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Алайда Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді. Олар фактіні жоққа шығармайды да, растамайды да.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер