Молдованың экс-президенті мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды

3802
Adyrna.kz Telegram

Молдованың экс-президенті Игорь Додон мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталып, 72 сағатқа қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Марианна Керпек мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда тергеу төрт бап бойынша жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, экс-басшы жемқорлық, саяси партия үшін қылмыстық ұйымнан қаржы алуы, заңсыз баю және мемлекетке опасыздық қылмыстық істері бойынша күдікті деп танылды.

«Игорь Додонның үйіне тінту жұмыстары жүргізілді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр»,– деді Молдова Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұрынғы басшыға қатысты қылмыстық іс 18 мамырда қозғалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер