Home » Айдарлар » Адырнама » «Дала сазы» ұлттық муызка мектебі шақырады

«Дала сазы» ұлттық муызка мектебі шақырады

 Сүйінші! «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қасынан «Дала сазы» атты ұлттық музыка мектебі ашылды. Бұл жоба көптеген аспаптарды еркін игерген белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген үздік үстазы Нұргүл Әкімқожинаның жетекшілігімен жүзеге асып отыр. Бүгінде Нұргүл Әкімқожина тәрбиелеген көптеген шәкірттер әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетіп жүр. Мысалы, танымал “Арнау” фольклорлық-этнографиялық ансамблі осы Нұргүл Әкімқожинаның ұйымдастыруымен, тәрбиелеуімен өмірге келген еді. 

«Дала сазында» домбыра, үш ішекті домбыра, қыл қобыз, жетіген, адырна, саз сырнай, сыбызғы, халық әні (дәстүрлі ән), фортепиано үйірмелері жұмыс істейді.

Балаларыңыз ұлттық саз аспаптарын үйреніп, өнерлі болғанын қаласаңыз, қапы қалмаңыз. Өнерімен ерекшеленіп, үздік оқыған балаларды концерттер сахнасына шығарып, телеарна эфирлерінен көрсету жағы да қарастылады.

Үйірмеге жазылу үшін adyrna@bk.ru электронды почтасына хат жазып тіркелуіңіз керек.


“АДЫРНА” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Осы жер оны өткенімен және болашағымен байланыстырады. Ата-баларымыз ...