"Байден мен Фриман бар": Ресей АҚШ азаматтарына елге кіруге тыйым салды

3885
Adyrna.kz Telegram
Фото: media.az
Фото: media.az

Ресей сыртқы істер министрлігі елге кіруіне тыйым салынған АҚШ азаматтарының тізімін жариялады. Онда 963 адамның аты-жөні жазылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "azattyq.org" сайтына сілтеме жасап.

Тізімде АҚШ президенті Джо Байден, вице-президент Камала Харрис және өзге де қоғам қайраткерлері бар. Тізімге танымал актер Морган Фриман да енген. Ресей билігінің хабарламасында оның 2017 жылы қыркүйекте видеомәлімдеме жасап, "Ресейді АҚШ-қа қарсы астыртын әрекет етті" деп айыптағаны жазылған.

Санкция тізімінде АҚШ сенатының ондаған өкілі және өкілдер палатасының 400-ден астам мүшесі де бар. Олар бұған дейін Ресейге санкция салуды қолдаған.
Тізімде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Байден әкімшілігінің бірнеше өкілі, оның ішінде, қорғаныс министрі Ллойд Остин, орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс те бар.
Ресейде "экстремистік корпорация" деп танылған "Meta" жетекшісі Марк Цукербергке де тыйым салынған.
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер