Шымкенттегі жарылыс: 3 адам көз жұмды, 8 адам зардап шекті

2216
Adyrna.kz Telegram
Фото: тengrinews.kz
Фото: тengrinews.kz

Бір күн бұрын Шымкентте болған жарылыстан зардап шеккендер әлі дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: 1979 жылы туған күзетші, 1980 жылы туған құрылыс компаниясының жұмысшысы және бір жаңа туған нәресте.

Нақтырақ айтсақ, қайтыс болған сәби үшемнің бірі екен. Бірінші бала жарылыс алдында, екіншісі жарылыс кезінде қайтыс болды. Олардың туғанына 18 күн болған, шетінеге нәрестенің салмағы - небәрі 790 грамм.

Сондай-ақ төтенше жағдай салдарынан барлығы сегіз адам зардап шекті: бесеуі перинаталдық орталықтың қызметкері болса, екеуі — интернет желісін жүргізумен айналысқан жұмысшы, біреуі — сол жерде көз жұмған қызметкер.

Босанған әйелдерге физикалық зақым келмеген, дегенмен олар шок алған, әйелдерге психологиялық көмек көрсетілуде.

Бүгінгі күні ғимаратқа ешкімді кіргізбейді және ешкім ауруханаға жатқызылмайды. Қазіргі уақытта босанған әйелдер басқа ауруханаларға орналастырылған. Тергеу аяқталған соң перзентхана өз жұмысын бастайды.

Айта кету керек, зардап шеккен ондаған адамның барлығы да соққы толқынынан жарақат алып, миы шайқалған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер