Нұр-Сұлтанда тұрғын үй бағасы қымбаттауы мүмкін

2262
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Елордада баспана қымбаттайды. Бұған қаланың сәулеттік келбетін және қала құрылысын қалыптастыру ережелерінің жобасы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "orda.kz"-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы  Нұр-Сұлтанды дамытудың жаңа ережелерін сынға алды. Олар бұл ереже қабылданғаннан кейін елордадағы пәтерлердің бағасы екі есеге өсіп, 9 мыңнан астам құрылыс компаниясы банкрот болуды күтіп отыр деп есептейді.

"Құрылыс салушылар үшін барлық дерлік құрылыс жобалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу міндетін енгізеді, бұл құрылыс салушылар мен азаматтық қоғам арасындағы тікелей мүдделер қақтығысына әкеледі. Бизнестің пікірінше, қоғамдық тыңдаулар тек қала құрылысының бас жоспары бойынша өтуі керек. Қала әкімдігі бас жоспарды қалыптастырған кезде қоғамдық талқылау жауапкершілігін бизнеске жүктемей, өзінің қоғамдық талқылауы аясында бизнестің ғана емес, азаматтардың да мүддесін ескеруі қажет", — дейді Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы өкілдері.

Қауымдастық ережелерді қабылдаудың салдарынан  64 мың құрылысшы жұмыссыз қалуы, тұрғын үй тапшылығы болуы мүмкін, сондай-ақ инвесторлар саны азаяды.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер