33 жастағы әйел қайтыс болған күйеуінен бала көтерді

2351
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ұлыбританиядағы Ливерпуль қаласының тұрғыны 2020 жылы мерт болған күйеуінен бала көтерді. 33 жастағы Лорен Макгрегордың сөзінше, 2013 жылы күйеуінің миында ісік бар екені анықталған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Stan.kz"-ке сілтеме жасап.

"Metro" басылымы жазғандай, ер адам қоңырау шалғысы келген, алайда жары Лореннің есімін есіне түсіре алмай қойған. Осы жағдайдан кейін Крис дәрігерге қаралып, миында ісік бар екенін білген.

Криске ота жасалып, енді түзіле бастаған ісіктің 95%-ын алып тастаған. Бірақ дерт 2016 және 2019 жылдары қайта білініп, дәрігер коронавирус пандемиясы басталған соң иммунитетті әлсіретіп алмау үшін химиотерапияны тоқтатуға кеңес берген. 2020 жылы ісік үлкейіп, Крис қайтыс болған.

Қайтыс болар алдында Лорен жүкті бола алуы үшін күйеуінің ұрығын қатырып қойған. Күйеуі өмірден өткен соң 9 айдан кейін әйел ЭКО жасатып, 2021 жылы процедура сәтті өткен.

Қазір әйел жүкті және келешекте осы әдіспен тағы да балалы болу ойда бар екенін жасырмайды. Сөзінше, күйеуі Крис екеуі балалы болуды аңсаған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер