Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуровтың жиені Ресей әскерлерінің десанттық-шабуылдау ротасының командирі Адам Хамхоев 21 мамырға қараған түні Украинадағы шайқаста қаза тапты, деп "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы The Magas Times сайты хабарлады.
"Алдын ала болжам бойынша, марқұмның денесі ертең, 22 мамырда туған жері Карабулакка жеткізіледі. Республикаға (Ингушетия) кіре берісте оны үйіне дейін шығарып салу үшін кездесу ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.
Ингуштық БАҚ-тың хабарлауынша, Хамхоев — Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесінің түлегі. Ол Ульяновск қаласындағы бөлімшеде әскери борышын өтеген.
Юнус-Бек Евкуров 2019 жылдың шілдесінен бері Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін ол Ингушетияны 12 жыл басқарған. 2021 жылдың желтоқсанында Евкуровқа генерал-полковник шені берілді.
"Адырна" ұлттық порталы.