Қырғызстандағы ауылдардың бірінде Лениннің бюсті ашылды

2541
Adyrna.kz Telegram
Фото: кадрдан алынды
Фото: кадрдан алынды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы, Жеті-Өгүз ауданы, Қызыл-Су ауылында Лениннің бюсті салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Sputnik Қазақстанға" сілтеме жасап.

Бюст В.И.Ленин атындағы мектеп ғимаратының жанына орнатылған. Шара пионерлердің 100 жылдығына орайластырылыпты.

"Бастаманы ұстаздар қауымы көтерді. Мұғалімдер: "Ленин атындағы мектептің жанында неге Лениннің бюсті жоқ?"-деді. Ескі автобазаның жанында құлай бастаған Лениннің бюсті бар екенін бәрі білетін. Мұғалімдер әрқайсысы 500 сомнан жинап, сол ақшаға бюстті қалпына келтіріп, іргетасын дайындады. Бүгін пионерлердің мерейтойына орай бюсттің ашылуы және сынып сағаттары өтті", - деді селолық округ әкімі Тұрар Асаналиев.

Ол бюстті қалпына келтіруге шамамен 6000 сом жұмсалғанын айтты.

Айта кету керек, 1922 жылы 19 мамырда В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық пионер ұйымы құрылды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер