«Денемнің 4 жері сынды»: Күйеуінен жәбір көрген әйел көмек сұрайды (ВИДЕО)

2154

Нұр-Сұлтан қаласында күйеуінен жәбір көрген әйел көпшіліктен көмек сұрады. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 27-ші наурызынан 28-ші наурызына қараған түні менің жұбайым Байметов Елнұр маған қасақана күш қолданып, салдарынан 4 жерден сынық жарақатын алдым. Денсаулыққа келтірілген зиян сот-медициналық куәландыру актісімен де, медициналық құжаттама және өзге де медициналық құжаттар бойынша сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен де расталады.
Қазіргі таңда тек ҚР Қылмыстық кодексінің 107 бабының 2 бөлігінің 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Лифтте ұрып-соғу нәтижесінде тоқпан сүйек пен қабырғаларым, омыртқам сынды. Одан кейін кенеттен желке тұсымнан соққы жасап, есімнен талдырды. Бұл қылмыстың бірінші эпизоды. Аяусыз ұрып-соғу одан әрі жалғаса берді. Қорқу, өмірлік маңызды органдарға тиген қатты соққылардың салдарынан физикалық ауырсыну, сондай-ақ ұйықтап жатқан кішкентай балалардың уайымдағаным маған қандай да бір қарсылық көрсетуге мүмкіндік бермеді»,— дейді зардап шегуші.

Әйел бірнеше мәрте полицияға арызданғанған. Айтуынша, тергеуші ешбір айғақты елемей отырған.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от НеМолчи.Kz (@nemolchi.kz)

</

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket