Алматыда зираттарды қиратып жүрген ер адам ұсталды

3620
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының полицейлері зираттарды қиратып жүрген 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

14 мамырда Қаратал аудандық полициясына Кішітөбе ауылының маңындағы зиратқа бұзақылық әрекеті жасалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы сынған қабір тақталары мен тақтайшаларды, одан бөлек тағы да басқа фактілерді тіркеді. Барлығы бес зират талқандалған.

Қызметкерлер Үштөбе қаласының психикалық ауыр ауруға шалдыққан 34 жастағы тұрғынын күдікті деп таныды.

«Ер адам қаңтар айында Үштөбе мен Ортатөбе ауылы маңындағы зираттарда жерленген жерлерді қорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Екі дерек бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеу басталды, кейін іс Қылмыстық кодекстің 314-бабына (Өлген адамдардың мәйітін және олар жерленген жерді қорлау) қайта сараланды. Анасы ұлының туа біткен психикалық ауытқуы бар екенін мәлімдеді»,— деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің басшысы Рауан Әбдірайымов.

Полицейлер анықталған фактілерді тіркеп, ер адамды Талдықорғандағы психиатриялық диспансерге қайтадан жатқызды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер