Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде Гран-при жеңіп алды

2877
Adyrna.kz Telegram

Әділхан Ержанов түсірген жаңа кинотуынды LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесіне (Grand Jury Award for Best Narrative Feature) ие болды. Бұл туралы Қазақфильмнің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Фильмдегі оқиға Қаратас ауылындағы мектепте өрбиді. Білім ордасын басып алған белгісіз біреулер оқушыларды тұтқынға алып, оларды босату үшін ешқандай талап қоймайды. Қаладан көмекке шыққан құтқарушылар алай-дүлей соққан ызғарлы бораннан жете алмағандықтан, мектеп ұстазы Тазшы ата-аналардың басын қосып, балаларды босатуға бел буады.

Фильмдегі басты рөлдерді Азамат Нығманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Теоман Хос, Еркен Губашев және Ерден Телемисов сомдайды.

«Штурм» – ресейлік LOOKFILM және FORESTFILM компанияларының қолдауымен ShortBrothers продюсерлік компаниясы түсірген Қазақстан мен Ресейдің бірлескен туындысы. Сондай-ақ жобаны жасауға «Қазақфильм», Cinerental киностудиясы және әйгілі Nomad Stunts каскадерлер тобы атсалысты.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында аталған фильм Францияда өткен Festival international du Film Policier Reims Polar кинофестивалінде Гран-при және сыншылардың жүлдесімен марапатталған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер