Қос жеңіс

5624
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Enactus NATIONAL EXPO 2022 мектеп және студенттік кәсіпкерлік ұлттық чемпионатында жеңімпаз атанды, оларға NARXOZ университетінің мемлекеттік гранттарының сертификаттары табыс етілді.

Жарысқа 100-ден астам команда қатысып, олардың арасында Талдықорған НЗМ жобасы үздік атанды.

Максим Сурин, Виктор Кахно, Мирхаят Дени, Дмитрий Нам, Расим Нығматулин нашар көретін және зағип жандарға арналған концепті шлем ойлап тапты.

Зияткерлердің айтуынша автономды шлемнің көмегімен қалада өздігінен және қауіпсіз қозғалуға болады, осылайша зағип адамдардың күнделікті өмірін айтарлықтай жеңілдетеді.

Бұл әдістерді дүние жүзінде 36 миллионнан астам зағип адам қолданады. Әрбір зағип адам сенсорға, дыбыстық сигналдарға, жеке көмекшілерге және экраннан оқу құралдарына тікелей тәуелді.

Тек Қазақстанда 160 мың көру қабілеті нашар адам болса, Алматы облысының «Зағиптар қоғамында» ~1500 адам тіркелген.

Шлем автомобильдерді, пойыздарды, автобустарды, бағдаршамдарды, жол белгілерін, велосипедшілерді және адамдарды анықтауға қабілетті.

Бұл ретте талдықорғандық робототехника командасы смартфонға орнатылған «Болашақты көр!» шлемге арнайы қосымша жасап шығарды. Қазіргі уақытта қолданбада геолокация, ауа райы, компас, музыка, подкасттар, аудиокітаптар сияқты функциялар бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер