Ресей әскерінің үштен бірінен айырылды

2822
Adyrna.kz Telegram

Ресей әскерінің үштен бірінен айырылды. Бұл туралы Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі жариялаған Украина мен Ресейдің әскери әлеуетін талдау материалында айтылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әскери барлау органының мәлімдемесіне сүйенсек, Ресей Украинаға басып кірер алдында жинаған құрлықтағы жауынгерлік күштерінің үштен бірін жоғалтқан.

Ресейлік жауынгерлік шығынның мұндай жоғары көрсеткіштері алғаш рет жарияланып отыр. Оның қай бөлігі қалпына келтірілмейтіні (қайтыс болғандар саны) белгісіз.

Айта кетейік, Кремль елдің «елеулі шығынға ұшырағанын» мойындады. Қорғаныс министрлігі қайтыс болғандар туралы деректерді соңғы рет наурыз айында жариялаған. Бұдан кейін мыңнан астам ресейлік сарбаздың қаза тапқаны туралы хабарланды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер