Бүгін - Халық Қаһарманы, Екінші Дүниежүзілік соғыста қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел, осыдан 100 жыл бұрын дүниеге келген жауынгер Хиуаз Доспанованың туған күні.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова – 1922 жылдың 15 мамырында Атырау облысы Ганюшкин ауылындағы қарапайым балықшының шаңырағында дүниеге келген. Оқушы кезінен комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытанын Хиуаз апамыз мектеп қабырғасын аяқтарда ұшқыштарды даярлайтын арнайы курсқа жазылады. Мектепті тәмамдағаннан кейін № 1 Мәскеу медицина институтында оқуға аттанады. Осы оқу орнының 1-курсын аяқтар уақытта аяқасты соғыс өрті лап берді.
Екінің бірі армандаса да, ілкіде біреу ғана ұшқыш болады. Көк аспанның төрінде әуелеуді аңсаған Хиуаз бала арманына соғыс басталғанда жетті. Марина Раскова басшылық жасап, Кеңес әскеріне көмек ретінде тек әйелдерден құралған түнгі бомбалаушы-ұшқыштар полкі құрылды. Кейіннен жасаған ерліктеріне сай Қызыл Ту орденді Таман гвардиялық, 3-дәрежелі Суворов орденді түнгі бомбалаушы әуе полкі деп аталған нәзік жандылардың қатарында жалғыз қазақ қызы болды.
“Адырна” ұлттық порталы