Түркия Азовстальден Украина жауынгерлерін эвакуациялау үшін кеме жіберуге дайын

1782
Adyrna.kz Telegram
Фото: mk-turkey.ru
Фото: mk-turkey.ru

Анкара «Мариуполь Азовсталь» зауытынан украин ұлтшылдары мен бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін кеме жіберуге дайын. Бұл туралы сенбі күні Түркия президентінің ресми өкілі Ибрагим Калын Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жоспар бойынша «Азовсталь» ірі металлургиялық зауытынан эвакуацияланған адамдар құрлық арқылы Мариуполь сияқты Азов теңізінде орналасқан Бердянск портына жеткізіледі. Ал түрік кемесі оларды Стамбулға Қара теңіз арқылы өткізеді. Егер мұны осылай жасауға болатын болса, біз мұны қуана жасаймыз, біз дайынбыз. Негізінде, біздің кеме жараланған сарбаздар мен басқа да бейбіт тұрғындарды Түркияға жеткізуге дайын», - деді Режеп Тайып Ердоғанның баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук Киевтің Азовстальдан эвакуация қалай өтетіні туралы құжатқа қол қоюға ниетті екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, эвакуацияның жол картасы бойынша келіссөздердің жаңа раунды басталды, оған Халықаралық Қызыл Крест комитеті қатысуда. Верещук сонымен қатар Түркияның келіссөздердің ағымдағы раундында делдал болатынын, эвакуацияның өзі бірнеше кезеңде жүзеге асырылатынын, оның біріншісі ауыр жаралыларға қатысты екенін айтты. 7 мамырда ол барлық бейбіт тұрғындардың зауыт аумағынан эвакуацияланғанын хабарлады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер