Көкшетауда дүкен мен наубайхана өртенді

2836
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Көкшетау қаласының Абылайхан даңғылында орналасқан дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы "24.kz" арнасы жазды. Бұл ғимаратта азық-түлік дүкені мен наубайхана орналасқан. Өрт наубайхана тұсынан шыққан. Қызыл жалын ғимараттың қабырғасын шарпыған.

Бастапқыда дүкен қызметшілері тілсіз жауды өз күштерімен ауыздықтауға тырысты. Кейін оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жетті. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 13:17-де Абылай хан, 9А мекенжайы бойынша орналасқан дүкенде болған. Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 13 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жөнелтілді. Адамдар аман.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер