Британдық заңгерлер Қазақстандағы конституциялық реформаларға оң баға берді  

6226
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі
Фото: ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі

Қазақстанның Лондондағы Елшілігіндегі дөңгелек үстел аясында Ұлыбританияның адвокаттар қауымдастығының өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша алдағы референдумды талқылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Британдық заңгерлерге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында үделген саяси реформалардың барысы туралы ақпарат ұсынылды. Оның бір бөлігі – ауқымды конституциялық реформалар. Конституцияға ұсынылған түзетулер пакеті президенттік өкілеттікті шектен тыс шоғырландырудан бас тартуға, парламентті күшейтуге, сайлау процесін жаңғыртуға, партиялық қызмет пен жергілікті басқаруды күшейтуге, азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін нығайтуға бағытталған.

Британдық сарапшы-құқықтанушылар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды оң бағалап, олардың табысты іске асырылуы Қазақстанды жаңғыртудың жаңа деңгейіне жеткізетінін атап өтті.

«Біз Қазақстандағы реформаларды және алдағы референдумді қолдаймыз. Референдум нәтижелері туралы жақында білуге қуаныштымыз», – деп атап өтті корольдік адвокат және Адвокаттар қауымдастығының төрайымы Фелисити Каллен.

Алқабилер соты туралы мәселе бойынша ол мұндай тәжірибе көптеген ғасырлар бойы ағылшын жалпы құқық жүйесінде болғанын мәлімдеді және «біздің ойымызша, алқабилер неғұрлым көп істі қарастырса, соғұрлым жақсы болады. Бұл новелла Қазақстанда енгізілгеніне қуаныштымыз және жаңа жүйедегі прогрессті қадағалайтын боламыз» деді. Ол сондай-ақ, сот процестерін онлайн-трансляциялау ашықтыққа және азаматтардың сот жүйесіне деген сеніміне әкеледі деп атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер