1-сынып оқушысы зорланған мектепте заңбұзушылықтар анықталды

4425
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы бірінші сынып оқушысы зорланған жекеменшік мектепте арнайы комиссия көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Білім мекемесін тексеру үшін балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы мен Білім министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі келді. Мектепте қауіпсіздік шаралары, санитарлық-гигиеналық және басқа да ережелер сақталмаған болып шықты.

— Бейнекамералар бойынша бірқатар заңбұзушылықтар, санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуы бар. Сондай-ақ мектепті жарықтандыру, құжаттаманы жүргізу бойынша да. Оқу-тәрбие процесінде де бірқатар бұзушылықтар анықталды. Ал бүгінде істің барлығы білім сапасын бақылау комитетіне берілді, – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Еске салсақ, білім мекемесіне қатысты айып ата-аналардың бірі бірнеше күн бұрын таққан еді. Бірінші сынып оқушысының әкесі ұлының денесінен көгерген жерлерді байқаған, кейін оның киімінен ақ түсті белгісіз дақтарды байқаған.

Әкесінің айтуынша, баласын мектеп әжетханасында зорлаған соң, ол полицияға жүгінген. Ер адам тек жоғары сынып оқушыларын ғана емес, олардың ата-аналарын да, мектеп директоры мен мұғалімдерін де жазалауды талап етеді. Қазір зардап шеккен баламен психологтар жұмыс істеп жатыр.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер