"Мәриям" жекеменшік мектебінде мұғалім оқушыға қысым көрсеткен

4837
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Алматыдағы "Мәриям" жекеменшік мектебінде 1-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары бірнеше ай бойы зорлағаны белгілі болды. Осы оқиғадан кейін Гүлнәр Нұрғалиева Facebook желісінде аталған мектептің 6-сыныбында оқитын жиені Татьяна Сағынбаеваға сынып жетекшісінің қысым көрсеткенін жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "orda.kz"-ке сілтеме жасап.

"Бастапқыда мұғалім қызға дұрыс емес киінгенін, шашын дұрыс тарамағанын, дұрыс емес жерде тұрғанын айтып ескертулер жасаған. Содан кейін сынып жетекшісі оны тек фамилиясымен атаған. Тіпті, бірде мұғалім Татьянаға өзін жақсы адам деп санай ма деп сұрақ та қойыпты. Оқушы оң жауап берген.

"Қыздың оқу жылының аяқталуына орай топтық суретке түсуіне жол бермеу үшін сынып жетекшісі суретке түсер алдында Таняны кітап алуға жіберген", - деп жазды Нұрғалиева.

Нұрғалиева жиенін мұғалімнің қорқытуының басқа да мысалдары көп екенін жазды. Мысалы, бір күні мектеп оқушысына іс-шараға қатысуға тыйым салынып, бос сыныпқа қалдырылған. Мұғалім ата-анасына қыздың дайындыққа қатыспағанын түсіндірген. Татьянаның анасы мән-жайды анықтауға тырысқан, бірақ мұғаліммен диалог құру мүмкін болмапты. Нәтижесінде білім мекемесінің әкімшілігі қызды психикалық ауытқушылық бар деп айыптаған соң, әйел қызын мектептен алып кеткен. Осы оқиғадан кейін Таняның басы қатты ауырып, тәбеті жоғалып, қатты арықтаған. Оның отбасы психологқа жүгінген.

Таняның немере ағасы бүгінде оқушы қыз анасы бітірген мемлекеттік мектепте оқитынын айтты. "Мәриямда" оқушы қыз оқу озаты болған, оның суреті "Құрмет" тақтасында жарқырап тұрған. Бірақ мемлекеттік мектеп деңгейіне жету үшін репетиторлардан оқуға тура келіпті.

Бір күн бұрын Алматыға балалар құқығын қорғау комитетінің комиссия мүшелері ұшып барып, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда да, санитарлық талаптарды орындауда да заңбұзушылықтарды анықтады.

Комиссия мүшелері әкімшілік және ұстаздар қауымымен әңгімелесті. Қазір зардап шеккен бірінші сынып оқушысына психологиялық көмек көрсетілуде. Тергеу жалғасуда, оның нәтижесі бойынша шара қолданылатын болады.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер