Үш жасар қызды құтқарған Сағи Жылқышиев те төсбелгімен марапатталды

3404
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі елордада терезеден салбырап тұрған сәбиді құтқаруға көмектескен Сағи Жылқышиевті төсбелгімен марапаттады. Марапаттау рәсімі бүгін Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

С. Жылқышиевке ерлігі үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі, алғыс хат пен қолсағат табысталды.

Айта кетейік, 11 мамыр күні Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан кезде адамдардың шоғырланған тобын және 8-қабаттан айғайлап тұрған баланы көрген. Олар дереу подъезге жүгіріп кіріп, көршілер арқылы 7-қабатқа көтерілген. Сәбит пен Сағи құтқару шараларына бірден кіріскен. Себебі әрбір секунд маңызды болды. Сабит терезе арқылы сыртқа шыққан. Ал Сағи бір қолымен досының аяғын, екінші қолымен терезені ұстап тұрды.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер