“Жол жоқ, интернет жоқ” дейді ауыл тұрғыны

3781
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылының тұрғыны Қайрат Айжарқынұлы “Адырна” ұлттық порталына хат жазып, ауыл тұрғындарының жан-айқайын жеткізді. Айтуынша, ол тұрып жатқан ауылда интернет те, жол да жоқ.

“Ырғыз - Нұра жолы қашан жөнделеді екен? Ырғыз - Торғай - Арқалық жолы салынады деп еді, айтқанына он жыл болды. Асфальт салынады деген, халық қашанғы көктем мен қыста қиналуы керек? Айтуларынша, Ырғыз - Нұра жолы Республикаға қарайды екен. Облыс, аудан, ауыл әкімі ештеңе шеше алмайды екен”, - дейді ол.



Сондай-ақ, Қайрат интернет үшін әлі сай мен қыр жағалап жүргендерін айтып күйінді.

“Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Бельшер ауылында халық өз күшімен тұрғызған мұнара бар. Интернетті әкеліп қондырып береді дегеніне екі жыл болды. Әлі жауап жоқ. Бельшер ауылының халқы қыр мен сай жағалап жүр. Интернет ұстау үшін, балалар білім алу үшін қырдың басына шығып отырады”, - деп жазды тұрғын.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылының тұрғындары жоғарыда аталған мәселелер бойынша жауапты орындар қадағалауын сұрайды.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер