Ауыл әкімі есеп беру кездесуінде тұрғынмен төбелескен

2976
Adyrna.kz Telegram
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Елді дүрліктірген оқиға Алматы облысы Панфилов ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесуінде болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап. 

Полицияға ауыл белсендісі Болат Жәкішев жүгінген. 64 жастағы ер адамның айтуынша, әкім оны балағаттап, шабуылдаған. Бұл оқиға ауыл басшысының жергілікті халықпен жыл сайынғы есеп беру кездесуінде болған.

Ауызша кикілжің екі ер адамның төбелесіне ұласқан. Салдарынан екінші топтағы мүгедек зардап шегіп, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Нәтижесінде, Панфилов ауылдық округінің әкімі Серік Шаловқа "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 30 630 теңге айыппұл салынды. Ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті мен Талғар ауданының әкімдігі ресми түрде растады.

"Айыппұл тек маған ғана емес, белсендіге де салынды. Мен қазір қандай да бір себептермен оқиғаның жәй-жапсарын айта алмаймын", - деді Серік Шалов.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер