Елбасы мәртебесі Конституцияда арнайы бекітуді талап етпейді – Ерлан Қарин

4746
Adyrna.kz Telegram

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Қазақстандағы конституциялық реформа туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін Конституциялық Кеңес ел Ата заңына түзетулер енгізу жобасы бойынша оң қорытынды берді. Бұл – мемлекет пен ұлт болашағы үшін ерекше маңызы бар конституциялық реформаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі.
Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың тепе-теңдігін оңтайландыруға, халықтың ел басқару ісіне қатысуын кеңейтуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге арналған. Сондай-ақ, жұмыс тобының кейбір мүшелерінің ұсынысын ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы қосымша өтініш жіберілді. Олардың пікірінше, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және Конституцияда арнайы бекітуді талап етпейді. Реформа бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер