Шымкент: «Жас дәурен» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

2285
Adyrna.kz Telegram

Қала әкімі М.Әйтенов күні кеше Еңбекші ауданының 2-ші секторына қарасты шағын аудандардың тұрғындарымен кездескен болатын. Аталған кездесуде көтерілген мәселелерді шешу мақсатында, бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен құзырлы басқармалардың жауапты мамандары "Жас дәурен" шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.

Атап айтсақ, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, сонымен қатар, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының, аудан әкімшілігінің мамандары тұрғындармен бірге Темір жол өткелі және Жастар көшелерін аралап, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және үйлердің мекенжай нөмірлерін реттеу мәселелерінің шешілу жолдарын қарастырды. Ағымдағы жылы Жастар көшесі және Темір жол өткелі асфальтталды.

Темір жол өткелінің мектепке баратын жолын жарықтандыру жоспарда бар. Темір жол өткелінің қалған ішкі орам көшелері 2023 жылы асфальтталатын болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер