«Арманда, мақсат қой, еңбек ет, дәулетті бол!»

4927
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолау орталығының қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында NEET санатындағы жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мәселелері бойынша 2022 жылдың 27 сәуір күні М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде сағат 14:00-14:30 аралығында «Арманда, мақсат қой, еңбек ет, дәулетті бол!» тақырыбында ТЕD-x форматындағы конференция мен сағат 14:30-15:00 аралығында «NEET жастары: құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз?» тақырыбында талқылау алаңы өткізеді.

Жоба жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептері, жобалық кеңсе тарапынан жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, NEET жастарының қордаланған мәселелерінің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.

Іс-шараның мақсаты – жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.

Іс-шара спикері «Qazaqstan» ұлттық арнасы «Ashyq alań» бағдарламасының жүргізушісі Мақсат Толықбай және блогер, журналист Дәулет Мұқаев. Мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөліседі.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болады.
Ұйымдастырушылар: «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ және М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті.

Тіркелу: https://forms.gle/aJwaG8iC8MTnKWqq6
Қосымша ақпарат үшін:
Айым Абдрашит +7 778 650 6625
Электрондық пошта: jasadyrna@gmail.com

Пікірлер