Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия отырысы өтті

2297
Adyrna.kz Telegram

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өз facebook парақшасында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Жиында зерттеуші ғалымдар жүргізген ғылыми ізденістердің нәтижелері, Мемлекеттік комиссияны заңдық және терминологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері қаралды”,- деді ол.

Комиссия шеңберінде архив материалдарын іздеу мен талдаудың тиімді жүйесі құрылғанын, тарихи және ғылыми құжаттардың көлемі қалыптасқанын атап өту керек.

“Алдағы уақытта Жобалық офисті трансформациялауға, жұмыс топтарын оңтайландыруға және Комиссия қызметіне жаңа міндеттер жүктеуге қатысты бірқатар бастамалар іске асатын болады”,-деп жазды Ерлан Қарин.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер