Биыл еңбекші ауданында жаңа 3 спорт алаңшасы орнатылады

1859
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданына қарасты Қаратөбе, Қазығұрт аумақтарының (Базарқақпа, Абдулабад, Тұрдыабад, Шаңырақ, Бадам-1, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас, Маятас, Елтай) тұрғындарымен есепті кездесу өткізді.

Кездесуде аудан әкімі Д.Есілбек аумақтың даму жоспарын баяндады. Еңбекші ауданында өткен жылы 18 спорт алаңшасы орнатылған, биылға 3 алаңша жоспарланып отыр. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Бадам тұрғын алабы жаңақұрылыс, Жандосов көшесі №67, 17 ш/а №6А үйдің ауласына қойылады.

Ауданда соңғы 9 жылда 103 ашық спорт алаңшасы орнатылған. Соның бүгінде 21-і жаңартуды қажет етеді. Осы жылғы жоспарға сәйкес Қаратөбе тас жолы 146, 18 ш/а №8, 19, 22 үй, 7 ш/а №4 үйдің аулаларындағы ашық алаңшалар жаңарудан өтеді.

Пікірлер