Жаңаөзенде бір апта бұрын кәмелетке толмаған екі қыз жоғалып кетті

2895
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында бір аптадан бері кәмелетке толмаған екі қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Inaktau басылымына сілтеме жасап. 

Полиция дерегіне сүйенсек, Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдас 29 наурызда жоғалып кеткен. Қыздар Жаңаөзендегі үйлерінен шығып, қайта оралмаған. 

Екі қыздың да жасы 16-да. Фарида Рахат-4 шағын ауданында, Тілектес Теңге ауылында тұрады. 

Жаңаөзен полиция басқармасындағылар жедел-іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Полицейлер қыздарға қатысты ақпарат білетін немесе көрген азаматтардан 102 нөміріне хабарласуды сұрайды. 

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер