АҚШ гипер дыбысты зымыранның сынақтан сәтті өткенін жариялады

4021
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Advanced Research Projects Agency (DARPA) мен елдің Әскери-әуе күштері HAWC (Hypersonic Air- Breathing Weapon Concept) гиперсоникалық қанатты зымыранын сынақтан өткізді. 5 сәуір, сейсенбі күні жарияланған мәлімет бойынша DARPA есебінде ұшу сынақтарының нақты күні көрсетілмеген, тек олардың «жақында» өткені айтылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сонымен қатар, CNN Пентагонның жоғары лауазымды сұхбат берушісіне сілтеме жасай отырып, сынақтар наурыз айының ортасында, яғни Ресей Украинадағы соғыс кезінде «Кинжал» гипердыбыстық зымыранын қолданғаннан бірнеше күн өткен соң өткенін хабарлайды. Алайда, CNN хабарлауынша, бұл ақпарат Ресеймен қарым-қатынаста шиеленіс болмас үшін таралмаған.

DARPA мәліметтері бойынша, зымыранның жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан бес есе жоғары болды және «ұзақ уақыт бойы» сақталды. Құрылғы 65 000 футтан (шамамен 20 километр) астам биіктікке көтеріліп, 300 теңіз милінен (шамамен 482 шақырым) ұшып өтті.

АҚШ-тың HAWC гипердыбыстық зымыранын бірінші ұшыру 2021 жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылды. Бұған дейін гипер дыбыстық қарудың басқа түрлері де сынақтан өткен.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер