“Семіздік, атеросклероз сынды аурулар белең алып барады”- Төрегелді Шарманов

3080
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook-тан алынды
Фото: Facebook-тан алынды

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының дерегінше, қазақстандықтардың 20 %-ы семіздікке шалдыққан. Мұндай семіздіктің бір салдары - етті шектеусіз жеу дейді нутрициолог, Қазақ тағамдану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.

“Ет жеу осы екен деп шектеусіз, таңдаусыз кез келген етті пайдалана беру денсаулығымызды нашарлатпаса, нығайтпайды. Рас, ата-бабамыздың табағы еттен, мұрты майдан ажырамаған дерсіз. Бірақ ата-бабамыздың өмір сүру салты қандай еді? Ертелі-кеш шаруаның соңында жүрді емес пе?”, - деп жазды Қазақ тағамтану академиясының президенті өзінің Facebook парақшасына.

Ғалымның айтуынша, кеңсе жұмысы, техика мен технология заманында астың қорытылуы қиын.

“Ал бүгінгі ұрпақтың өмір сүру салты қандай? Қазіргі заман қимыл-қозғалысы аз кеңсе жұмысы, техника мен технология заманы ғой. Тіпті жаяу жүретін жұрт жоқ. Жегеніңіз қай кезде қорытылып, қай кезде ағзаңызға сіңеді? Осыдан семіздік, атеросклероз сынды аурулар белең алып барады”,- делінген жазбада.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер