Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады

3581
Adyrna.kz Telegram
Фото: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан
Фото: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан

Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады Бұл туралы  Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Биыл - Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл. Ал бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отыр.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі”,-делінген жазбада.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын. 

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер