Адам өлтірген шенеунік жазадан құтылып кетпекші

571

Риддер қаласы әкімінің орынбасары мас күйінде жүргізіп, адам қағып өлтірген көлікте Өскеменнің де әкімі болғаны расталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының өкілдері мәлімдеп отыр. Ал о баста әлгі көлікте Өскеменнің де басшысы болғанын осы оқиға салдарынан қаза тапқан Евгений Смольниковтың әкесі айтқан еді.

Алайда әкім Қуат Тумабаев Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев секілді қамауға алынбай, тергеу ісі аяқталғанша жұмысын жалғастыра бермек. Сондай-ақ, криминалдық полиция бөлімінің басшысы да шатылып жатыр. Жәбірленушілерге қысым жасады деп айыпталған оны өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергей бастады. Еске салсақ, қайғылы оқиға 15-ші сәуірде болған еді. Араққа сылқия тойған Риддер қаласы әкімінің орынбасары «BMW Х5-пен» жол жиегіндегі жаяу жүргіншіні жаншып өткен. 19 жастағы Евгений Смольников сол жерде тілге келместен көз жұмды. Қазір адам қағып өлтірген Бауыржан Құрманбаев қамауда отыр. Оның қылмысы дәлелденсе, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тумабаевтың да мәселесі қаралып жатыр.

Мақсұт Тоқсанбаев, ШҚО прокурорының көмекшісі

Жол көлік оқиғасы кезінде, автокөліктің ішінде Құрманбаевпен бірге Өскемен қаласының әкімі Тумабаев болған. Қылмыстың іс ІІД-нің анықтау басқармасының өндірісінде, іс бойынша процесуалдық прокурор қабылданды.

_____________________________________________________________________________________________________________

ktk.kz

Пікірлер