Home » Жаңалықтар » Астанадағы медициналық университетте дау шықты: 117 студент оқудан шығарылды

Астанадағы медициналық университетте дау шықты: 117 студент оқудан шығарылды

“Астана” университетіне түсу үшін IELTS сертификатын “сатып алған” студенттер оқудан шығарылды. Білім және ғылым министрлігі жүргізген тексерістердің нәтижесінде базада тіркелмеген 117 сертификаттың бар екені анықталды , – деп хабарлайды “Хабар-24” .

Телеарнаның мәліметінше, былтыр күзде емтиханды өз күшімен тапсырғандар арызданып, бұл іс бойынша тексеріс жүргізілген еді. Соның нәтижесінде ағылшын тілі емтиханы бойынша 117 тіркелмеген сертификат анықталған.

“Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы екі рет тексеріс жүргізді. Басында біз 33 баланы шығардық. Жақында тағы 84 студент оқудан шеттетілді. Енді бұл азаматтар олардың оқуына жұмсалған қаржыны қайтаруы тиіс. Олардың көбі грантта оқыды. Тек 9 адам ғана оқуына өзі төледі”, – дейді “Астана медициналық университеті” АҚ ректорының орынбасары Франц Галицкий.

Бұл оқиғаны тергеу қалалық ішкі істер департаментіне жүктелген екен. Нәтижесінде 117 қылмыстық іс қозғалды. Оның 30-ы сотқа жіберілген.

“385-баптың 3-тарауы, яғни, жалған құжатты пайдалану санкциясы бойынша 300 айлық есептік көрсеткіш айыппұл жазасы тағайындалады”, – дейді Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Болат Пазылов.

Сондай-ақ, оқудан шығып қалған студенттердің орны қазір бос екені айтылады. Енді емтиханды өз күшімен тапсырғандар осы гранттарды иеленуге үмітті.

“Өкінішке қарай, біз бұл түйіткілді өз бетімізбен шеше алмаймыз. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар құжатты реттеу керек. Соның негізінде біз ақша төлеп оқып жатқандарды осы бос орындарға ауыстырамыз”, – деді “Астана медициналық университеті” АҚ ректорының орынбасары Франц Галицкий.

Телеарнаның мәліметінше, жалған сертификат сатып алған студенттің бәрі оқудан күзде шығарылуы тиіс болған. Бірақ соттың бұл шешімі уақтылы орындалмаған. Мұндай жағдайда медицина мамандарын даярлайтын оқу ордасы лицензиясынан айырылуы да мүмкін екен.

_____________________________________________________________________________________________________________________

tengrinews.kz

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Павлодарда не атыс болып жатыр?

Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ауылында жергілікті тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлері арасында атыс болып, ...