"Ол 10 күнде бүкіл елді басып алғысы келді" - Квин Путиннің жоспары неге сәтсіз аяқталғанын айтты

6811
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Украинадағы уақытша сенімді өкілі Кристина Квин Ресей президенті Путиннің Украинаны басып алу жоспары сәтсіз аяқталды деп мәлімдеді. Сондықтан "агрессор" елдің көшбасшысы Батыс елдеріне шабуыл жасап, сес көрсете бастады. Оның айтуынша, қазір Кремльдің риторикасы тек шиеленіс деңгейін көтереді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Квин Путиннің Украинаның Қарулы күштері мен аумақтық қорғанысынан мұндай қарсылық күтпегенін атап өтті. Сонымен бірге ол АҚШ президенті Джо Байден егер Ресей Федерациясы НАТО территориясына бір қадам жасайтын болса, жауап қайтарамыз деп қорқытқанын баса айтты.

«Біріншіден, мен президент Путин Батыс елдеріне шабуыл жасап, қорқыта бастағанын айтқым келеді, өйткені оның Шығыс және Орталық Украинаны басып алу әрекеті сәтсіз аяқталды. Путин 10 күн ішінде бүкіл Украинаны басып алып, соғысты аяқтаймын деп ойлады. Әлбетте, ол өзі күткеннен әлдеқайда мықты Украина Қарулы Күштерінің қарсылығына тап болғаны анық. Сондықтан болар, қазір президент Путин наразы және риторикаға жүгінуде, бұл іс жүзінде шиеленіс деңгейін айтарлықтай көтереді. Батыс елдеріне қарсы жасалған зымыран соққылары туралы айтып отырмын. Президент Байден нақты түсіндірді: егер Президент Путин НАТО-ға тіпті бір қадам жасайтын болса, Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы жауап береді. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз және Путин мұндай әрекеттерге бармайды деп үміттенеміз", – деді Квин.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер