Атырауда атыс болып, 3 адам қаза тапты

3148
Adyrna.kz Telegram
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

15 наурызда кешкі сағат ондар шамасында Атырауда Авангард терминалының маңында атыс болды. Шабуылшы “Калашников” автоматымен екі жігітті атып, үшіншісін ауыр жаралады. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы “Ақжайық” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала маңындағы Еркінқала ауылының 27 және 22 жастағы тұрғындары оқиға орнында көз жұмды, олардың 26 ​​жастағы ауылдасы басынан оқ алған жарақатпен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Кейін ол да көп ұзамай қайтыс болды.

«15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал, 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан адам қашып кеткен, қазір полиция оны іздестіріп жатыр. Қылмыс орнында Атырау облысы бойынша ДП жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер