Қазақстандық кәсіпкер африкалықтарға құдық қазып берді (ВИДЕО)

3430
Adyrna.kz Telegram

Әлемдегі ауыз суға мұқтаж елдің бірі Угандадағы Наноко елдімекенінде қазақстандық кәсіпкер Елдос Айбеков құдық қазғызып берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы kazunitecom-ға сілтеп. 

Құдық қолданысқа берілгеннен кейін Елдос Айбек Қазақстаннан арнайы апарған мектепке қажетті құралдарды, яғни көк туымыз бейнеленген дәптер, қалам, сөмкелерді наноколық балаларға үлестірді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына 2 қазан палау, балаларға тәттілер берілді.

«Біз – таза суға қол жеткізе алмай отырған ауыл тұрғындарымыз. Қарапайым тұрмыс кешеміз. Азын-аулақ ешкі ұстаймыз. Бұған дейін суды 5 км жердегі өзеннен тасып ішіп жүргенбіз. Ол – әрине, таза су емес. Мұның бәрін балаларымыз тасып әкеледі. Мотоцикл, велосипеді бар адамдар сирек. Көбіне жаяу тасимыз. Бүгін Елдос Айбеков деген мырза жерімізге келіп, ауылдың қақ ортасынан үлкен құдық қазып берді. Алғысымызда шек жоқ. Балалардың қалай қуанғанын көрдіңіз бе?! Олардың қуанышын көріп біз де ерекше шаттанып тұрмыз. Елдос мырзаға көп рақмет. Алла істеген жұмысына береке берсін. Біз Қазақстан деген мемлекет жайлы мүлде білмейтін едік. Осы жағдайдан кейін ешқашан ұмытпастай болдық. Қазір қуанышты сәтке куә болған балаларымыз Қазақстанды, көк туларыңызды мәңгі жадында сақтап қалары анық. Қазақстанға сәлем!» - деді Наноко ауылының тұрғыны Соока Шариф.

Айта кетсек, 63 жастағы Соока Шарифтің 30 баласы бар екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KazUnite (@kazunitecom)

"Адырна" ұлттық порталы

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер