Qazaq Air Ресейге ұшуын тоқтатты

3062
Adyrna.kz Telegram

Qazaq Air бүгіннен бастап Ресейге ұшатын рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды "Адырна" әуе компаниясының сайтына сілтеме жасап.

"Qazaq Air сақтандыру компаниясынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтемі ұсынылмағаны туралы хабарлама алды. Осы жағдайдың салдарынан әуе компаниясы Ресейге әуе рейстерін орындай алмайды. Ресей аумағында сақтандыруды қамтамасыз ету мәселесі шешілді.Осыған байланысты бүгінгі (2022 жылғы 12 наурыз) Новосібірге рейс тоқтатылды», - делінген ресми хабарламада.

Жолаушыларға билеттер құны толығымен қайтарылатыны атап өтілді. "Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпанияда сатып алынған болса, info@flyqazaq.com мекенжайы бойынша хабарласыңыз. Ақшаны қайтару туралы өтінішпен бірге брондау нөмірі мен байланыс деректерін көрсетіңіз. Егер билет агенттіктен сатып алынған болса, сатып алу орнына хабарласу керек», - деді әуе компаниясы.

Qazaq Air уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады. "Біз барлық жолаушыларды алдағы күндері кестенің бұдан әрі өзгеруі мүмкін екендігі туралы хабардар етеміз. Qazaq Air қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық талаптарды орындайды", - деп қорытындылады компания.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер