Біз Ресейдің ықпалынан ешқашан құтыла алмаймыз! - ДЕПУТАТ

2007
Adyrna.kz Telegram

Депутат Айдос Сарым екі алпауыт елдің арасындағы соғысқа Қазақстан соңына дейін бейтарап пікірін ұстап тұруын жеткізді. Себебі, біржақты пікір немесе қолдау елімізге зиян тигізуі мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстан соңына дейін бейтараптылықты сақтап қалуы керек. Әлде ерікті болып барғыларыңыз келеді ме? Ресейдің джиһад жариялағанын қалайсыз ба? Мына сұраққа жауап беріңізші: миллиондаған адамның босқындар лагерінде тұрып, Өзбекстанға немесе Қырғызстанға қашуын немесе біздің қалалардың бомбаның астында қалғанын қалайсыз ба? Басқаны айтпай тұрып, қазақстандықтар өз шаңырағына 20 туысын кіргізуге дайын ба? Біздің әскеріміз дайын ба? Мен біздің әскердің ахуалы қазіргі әлемде болып жатқан сын-қатерлерге дайын емес деп есептеймін. Қаңтардағы оқиғалар көп шындықтың бетін ашып берді», – деді депутат Мәжіліс алаңында сұрақ қойған журналистерге.

Депутат екі ел арасының бұзылуы һәм екіге бөлінуі мүмкін еместігін алға тартты.

«Менен ылғи Қазақстан Ресейдің ықпалынан қашан құтылады деп сұрайтын. Менің жауабым әрқашан біреу – ешқашан. Өйткені біз көршіміз және біздің экономикамыз бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сауданың төрттен бірі Ресей арқылы келеді. Сол себепті, біз ешқашан құтыла алмаймыз. Біз басқа да әрекеттерді жасай аламыз. Қосымша шаралар қабылдап, биржадағы сауданы шектеу арқылы тәуелділікті сәл болса да азайта аламыз», – деді Айдос Сарым.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер