Сағадиев: мұғалімдерге үстемақыны әкімдіктер төлейді

2507
Adyrna.kz Telegram

Ұстаздарға төленетін үстемақы қаржысы республикалық бюджетте қарастырылған, бірақ заң күшіне енгенге дейін, ақша жергілікті бюджеттен алынады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылдың 1 қаңтарынан үстемақы алуы тиіс ұстаздарға ақша қалай төленіп жатқанын түсіндірді.

"Мына жәйтті түсіндіргім келеді. Мұғалімдер жалақысын толық алуы үшін біз бүгін мәжілісте талқылап, мақұлдаған заңды (2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер – автор ескертп.) қабылдауымыз керек. Енді ол сенатқа жолданады. Заң күшіне енгеннен кейін, бізде бюджеттік өзгерістер болады. Республикалық бюджет мұғалімдердің жалақысына қарастырылған қаржыны жергілікті бюджеттерге аудара алмайды. Қазір бізде қаржыны республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке аударуға негіз жоқ. Дегенмен біз президенттің тапсырмасын орындай отырып, жергілікті атқарушы органдардан, яғни әкімдіктерден ақшаны өз резервінен төлей тұруды өтіндік", — деді министр.

Сағадиев ол қаражат кейін әкімдіктерге қайтарылатынын атап өтті.

"Әкімдіктердің көбісінде қаражат бар және олар қаңтардан бастап міндеттемелерді орындауға кірісті. Себебі олар республикалық бюджет кейін жұмсалған қаражатты өтейтінін түсініп отыр. Бірақ бірнеше әкімдікте қиындықтар туындады. 1 қаңтардан бастап үстемақы алуы тиіс барлық мұғалімге ақша төленеді", — деп сендірді Е.Сағадиев.

_______________________________________________________________________________________________________________

sputniknews.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер