Украинаны да, Ресейді де қолдамаймыз! - Қорғаныс министрінің орынбасары

3112
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Ресей мен Украина қақтығысы туралы айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасап. 

"Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Біз тараптардың ешқайсын қолдамаймыз. Бұл тұрғыда сұрақ туындауы мүмкін емес", - деді Камалетдинов Сенат отырысында.

Журналистер Камалетдиновтен Қазақстан Қарулы Күштері қауіпсіздікті қамтамасыз ете ала ма деп сұрады.

"Әрине, бұл мәселе бәрін алаңдатады. Кеше министр айтқандай, Қарулы Күштер қойылған міндеттерді орындауға дайын деп үміттенеміз. Кепілдік (Қазақстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке - еск.), әрине береміз, бұл анық. Мемлекеттегі Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар сол үшін, өйткені міндетіміз - егемендік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету", - деп сендірді Камалетдинов.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер