АСХАТ ҚАСЕНҒАЛИ: Украина қорғаныстан шабуылға өтуде

2040
Adyrna.kz Telegram

Енді кішігірім ақпараттарды қорытсақ.

Ресей әскері басып кіріп, соққыны зымыран және әуе күштері арқылы жасады. Алғашқы соққылар әскери қоймалар, әуежай мен әскери нысандарға, бекеттерге жасалды. Артынша Донецк пен Луганск маңындағы сепаратистер шабуылға шықты. Ресей мен сепаратистер жаппай артиллериялық соққы жасауды іске асырды.

Халықта үрей, қорқыныш, сенімсіздік пайда болды. Әскерде емес, қарапайым халықта. Әрине, кез келген соғыстың бастауы солай болады. Желіні жаппай жалған ақпарат кезіп кетті. Екі тарап та өз шығындарын азайтып, қарсы тараптың шығынын көбейтіп көрсетуде. Ол түсінікті де.

Енді міне соғыс шогынан халық та, билік те, әскер де ес жия бастағандай. «Үш күнде көрге де үйренесің» дегендей үш сағат өткен соң шок әсері ақырындап кетуде. Алғашқы соққылар осылай болатыны белгілі де еді. Енді міндет қандай? Алдымен әскердің рухын түсіріп алмау керек. Ол үшін «басшылық елден кетті» деген жалған ақпараттар шыққан сәтте, бірден президенттің тікелей эфирдегі үндеуі жауап болуы тиіс. Екіншіден қорғаныстан шабуылға өтуді қарастырып жатыр деп үміттенемін. Жау әскерінің шығынын барынша фото-видео арқылы таратып, басқыншы әскерінің рухы мен Ресей халқының көңіл-күйіне әсер ету маңызды. Украина әскері қорғаныс қабілетін жоғалтып алмай, басқыншы тараптың жаяу әскері кіруіне дейін шыдаса, сол сәтте жауға жақсы соққы беруге болады деп ойлаймын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер