Соғыс – бұл үлкен қасірет - Зеленский

3750
Adyrna.kz Telegram

Зеленский Путинге телефонмен сөйлесуге ниет білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Бүгін мен Ресей Федерациясының президентімен телефон арқылы сөйлесуге ниет білдірдім. Бірақ әзірге тыныш. Алайда тыныштық Донбасста болуы керек еді», – деді Зеленский.

Зеленский өз еліне ешқандай да соғыстың қажет еместігін алға тартты.

«Бізге, ешқандай соғыс – қырғи-қабақ соғыс та, гибридтік соғыс та, қажет емес, мұны анық білеміз. Бірақ бізге әскер кіретін болса, біздің мемлекетімізге, бостандығымызға, өмірімізге, біздің балаларымыздың өміріне қол сұғуға тырысса, біз қорғанамыз. (…) Соғыс – бұл үлкен қасірет, бұл қасіреттің бағасы ауыр», – дейді Украина президенті.

Өз сөзінде Зеленский, Украина ешқашан Ресейге қауіп төндірмегенін айтты. Алдағы уақытта да қауіп жоқ екенін де тілге тиек етті.

«Сіздерге Украина Ресейге қауіп төндіруі мүмкін деп айтуда. Алайда бұрын да бұлай болмаған, қазір де жоқ және болашақта да болмайды. Сіздер НАТО-дан қауіпсіздік кепілдігін талап етудесіздер. Бізде өз қауіпсіздігіміздің кепілдігін сіздерден, Ресейден және Будапешт меморандумы бойынша кепілдеме берген басқаларынан да талап етеміз», – дейді ол.

Ресей де Украина да әртүрлі халық екенін айтты. Алайда, бұл нәрсе ұлан ғайыр соғысқа себеп еместігін де жеткізді.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер